Астанадағы жаңа LRT вагондар қандай болатыны көрсетілді

Фото: Astanovka98
Астанаға Қытайдан екі LRT құрамы жөнелтілді. Бұл шара Қытайдың Таньшань қаласында жүргізілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Astanovka98 сілтеме жасап.
Екі құрам Астанаға маусым айында келіп жетеді. LRT-ны тестілеуден өткізу қыркүйекке жоспарланды.
Аталған құрамды CRRC Tangshan Co., Ltd жасап шығарды. Болашақта осындай әрқайсы 650 жолаушыға есептелген тағы 17 құрам жіберіледі. LRT құрамдарын елордаға жіберу жылдың соңына дейін жүзеге аспақ.

Фото: Astanovka98