Астанадағы шоуда гимнаст 5 метр биіктіктен құлады
Фото: pristalica.by
Астанадағы цирк қойылымы кезінде жас гимнаст бес метрдей биіктіктен құлап кетті. Ғаламторда осы жайтпен видео тарауда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Бұл оқиға шоу көрермендерінің алдында орын алды.
Оқиға нөмірлер арасында, залдағы шамдар сөнген кезде орын алды. Сол себептен оның құлағаны бірден байқалмады, алайда, камералар бұл сәтті түсіріп алған. Гимнаст тепе-теңдігін жоғалтып, үлкен биіктіктен жерге құлаған.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері зардап шеккен қыз бірден ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Қызға бас жарақаты мен миы шайқалған деген диагноз қойылған. Қазіргі уақытта ол «политравма» бөлімінде; Дәрігерлер оның жағдайын орташа, бірақ тұрақты деп бағалауда.