Астанадағы пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде иеленді

Фото: ibsa judo world championship/ ҚР Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында қос қазақстандық чемпиондық атақты сарапқа салды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
J2 санатындағы 81 келі салмақта Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.
Тартыс 3 минут 11 секундқа жалғасты. Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді.