Астанадағы өрттен әйел мен бала құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Астана қаласы, Алматы ауданы, Жайық көшесінде екі қабатты үйден өрт шықты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Бірінші қабаттағы тоңазытқыш пен үй жиhаздары өртенген.
ТЖМ қызметі терезе торын шешіп ішке кіреді. Өрт ішінен құтқарушылар әйел мен баланы құтқарып үлгереді. Олар медициналық қызметкерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. 1 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.