Астанадағы балабақшада тәрбиеші жарты жыл бойы балаларды ұрып келген

Pexels фото на taspanews.kz от 18 июня 2025 16:02
Фото: Pexels

Астанадағы №21 «Гүлдер» балабақшасына баратын бүлдіршіндердің ата-аналары жарты жыл бойы күтуші балаларды жүйелі түрде ұрып-соққанын жеткізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz astana.times-қа сілтеме жасап.


Аналар бұл жағдайдан тәрбиеші,балабақша меңгерушісі және әдіскер хабардар болған, алайда ешқандай шара қолданбағанын айтады.


Бақылау камераларындағы үш күндік жазбаларды қарап шыққан ата-аналар 19 рет зорлық-зомбылық көрсетілгенін анықтаған. Астана қаласының Білім басқармасы бұл деректі растады және күтушінің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Полиция тергеуді бастады.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews