Астанадағы әуежайда ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

Яндекс фото на taspanews.kz от 20 июня 2025 13:01
Фото: Яндекс

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында» қыркүйек айының 1-4 аралығы және 8 қыркүйектен-31 қазанға дейін ұшу-қону жолағы уақытша жабылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Бұл шара аэродромның инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңартумен байланысты. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Аталған күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшақтар ұшып-қонбайтын болады.


2025 жылы 5-7 қыркүйек күндері ұшу-қону жолағы қалыпты түрде істейді. Рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.


«Жолаушылардан рейске қатысты өзекті ақпаратты авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылап алуды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews