Астанада үш азамат ірі қаланың тұрғын ауданына кететін айлық электр энергиясын тұтынған

Pexels фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 10:19
Фото: Pexels

Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг ферма – криптовалюта өндіруге және аударуға көмектесетін құрылғы ұйымдастырған үш азамат кәсібін қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып келген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Осы тәсілмен олардың 143 млн теңгеден асатын цифрлық активті заңсыз жолмен алғаны белгілі болды. Заңсыз әрекеттері орасан зор энергия қуатын жұмсаған.


«Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік ауа салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық қосалқы станция алынды. Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады», – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот шешімі бойынша бойынша 900 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді. Олардың ішінде 2 көлік пен майнинг жабдықтары бар.


Сот 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.


Үкім заңды күшіне енді.


Следите за новостями Taspanews