Астанада Sergek жүйесімен жабдықталған дрондар сынақтан өткізіле бастады
Фото: Depositphotos
Астанада жаңа бақылау құралы – Sergek жүйесімен жабдықталған дрондар сынақтан өткізіле бастады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Бет-әлпетті тану жүйесінің көмегімен бұл дрондар жол ережесін бұзғандарды, қарыздар мен алимент төлемей жүргендерді нақты уақыт режимінде анықтай алады. Мәліметтер тікелей полиция қызметкерлерінің планшетіне жіберіледі.
Егер пилоттық жоба сәтті өтсе, бұл жүйе басқа қалаларда да іске қосылады.