Астанада LRT вагондары рельстерге орналастырылуда

Astanovka98 фото на taspanews.kz от 11 июня 2025 13:50
Фото: Astanovka98

Қытайда дайындалып, Астанаға жеткізілген жеңіл рельсті транспорт – LRT рельстерге орналастырылуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Astanovka98 сілтеме жасап.


Еске салсақ, жақында LRT вагондары қандай болатыны көрсетілді. Болашақта осындай әрқайсы 650 жолаушыға есептелген тағы 17 құрам жіберіледі. LRT құрамдарын елордаға жіберу жылдың соңына дейін жүзеге аспақ.


Astanovka98 фото на taspanews.kz от 11 июня 2025 13:50
Фото: Astanovka98

Одан бөлек, Астанада LRT диспетчерлеріне сұраныс пайда болды. Диспетчердің негізгі міндеттеріне оперативтік басқару, құрамның қозғалыс режимін түзету туралы уақытылы шешім қабылдау, жолаушыларды кесте мен төтенше жағдайларға әрекет ету тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету кіреді.


Следите за новостями Taspanews