Астанада LRT диспетчерлеріне сұраныс пайда болды

Pexels фото на taspanews.kz от 27 мая 2025 15:50
Фото: Pexels

Астанада LRT диспетчерлерін оқытуға алдын ала қабылдау басталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «City Transportation Systems» ЖШС сілтеме жасап.


Қалада толықтай автоматтандырылған, жүргізушісіз жұмыс істейтін LRT енгізу аясында диспетчерлер қажет болуда.


Диспетчердің негізгі міндеттеріне оперативтік басқару, құрамның қозғалыс режимін түзету туралы уақытылы шешім қабылдау, жолаушыларды кесте мен төтенше жағдайларға әрекет ету тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету кіреді.


Өз кезегінде компания заңнамаға сәйкес ресми жұмысқа орналастыру, жұмыс беруші есебінен оқыту мен біліктілікті арттыруды қамтамасыз етуге дайын. Оқыту нәтижесінде халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқыту Астана және Қытайда жүргізіледі.


«City Transportation Systems» ЖШС қызметкерлер тек Қазақстан азаматтарынан тұратынын жеткізді. Оқу кезінде жұмыс уақыты режимі белгіленген – екі демалыс күні мен бес күндік жұмыс қарастырылды. Оқу аяқталған соң жұмыс ауысым бойынша жүреді.


«Кандидаттарға қойылатын талаптар: – Көлік, теміржол көлігі саласында жоғары білім; – Көлік басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде кемінде 6 ай диспетчер/оператор лауазымында. Қосымша талаптар: Дамыған коммуникативтік дағдылар, ұйымдастырушылық қабілет, жауапкершілік; Flash мониторингтік бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру; Іссапарларға дайын болу. Түйіндемелер CTS ресми сайты арқылы қабылданады», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews