Астанада ерекше білім беру қажет балаларға арналған фестиваль өтті

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласында XX «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылық фестивалі өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Конкурсқа 6 мыңнан астам бала қатысты. 250 бала вокал, хореография, аспапты орындау және ымдау тілімен ән орындау номинациялары бойынша лауреат атанды.
Гран-при Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектептің оқушысы Інжу Тілеужанға тиесілі. Оған 100 мың адам дауыс берген.