Астанада ер адамның аяғына арматура кіріп кеткен

Фото: ҚР ТЖМ

Астананың Сарыарқа ауданындағы саяжай бірлестігінің бірінде ер адамның аяғы арматурадан жарақаттанған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Жарықтандыру тірегіне бейнебақылау камерасын орнатпақ болған ер адам абайсызда құлаған. Сол кезде аяғына арматура кіріп кетеді.


Құтқарушылар 1 991 жылғы ер адамға көмекке келіп, арматураны кеседі. Осылайша, оны темірден босатып, медициналық қызметкерлерге тапсырады.