Астанада ер адам әйелді қаза еткен соң інісін жаралаған
Фото: Freepik
2025 жылы, 22 маусым күні Астанада, Millennium Park тұрғын үй кешенінен пышақтан жарақат алған әйел адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Криминальный Казахстан сілтеме жасап.
Әйел адамға бұрында бірген жүрген жігіті шабуыл жасаған. Қызды қаза еткеннен кейін күдікті марқұмның інісін жаралаған.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Полиция бұл оқиға бойынша кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған інісі де пышақтан жарақат алған – ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда»,