Астанада екінші LRT құрам орнатылды
 
                Фото: Astanovka98
                Астанада жеңіл рейсті транспорттің екінші құрамы орнатылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Astanovka98 сілтеме жасап.
Абу Даби Плаза маңында, №112 станциясында жаңа LRT орнатылды. Құрам 450 тонна жүк көтере алатын автокран арқылы көтерілді.
Ал бірінші құрамның екі вагоны 11 маусым күні №101 станцияға әкелінді. Вагондар қыркүйектегі құрамды тестілеуге дейін осында болады.
 
                     
                    