Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері дүниеден озды

Соғыс фото на taspanews.kz от 30 апреля 2025 19:50
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Астанада қаза болған 99 жасар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері – Владимир Иванович Дровосековты жауынгерлік құрметпен шығарып салу шарасы өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Марқұмның денесін Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері шығарды. Жауынгердің басына гүл шоқтары қойылды. Әнұран орындалып, отшашу атылды.


Владимир Иванович Дровосеков "Ерлігі үшін" медалімен, II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.


"Ол 1944 жылы соғысқа аттанып, 3-ші Беларусь майданында шайқасты. Қатардағы жауынгер Владимир Дровосеков сапер бөлімшесінде «Пальма» атты мина іздеуші овчарка итпен бірге қызмет етті. Бірде иті сапердің өмірін ажалдан арашалап қалды. Дегенмен соғыстың соңында итті қауіпті миссияға – танктерді жоюға дайындайды. Осылайша Владимир Иванович адал досынан айырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс қазақстандық сарбаз үшін 1945 жылдың қыркүйегінде бірақ аяқталды. Еуропадан ол Қиыр Шығысқа дейін барды, Сахалин мен Курил аралдарындағы теңіз катерлерінде қызмет етті. Үйіне 1952 жылы ғана оралып, Ақмоладағы арнайы комендатурада, содан кейін вагон жөндеу зауытында механик болып жұмыс істеді", делінген Астана әкімдігі ресми хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews