Астанада бұзақылар LRT вагондарын бояп кеткен

myastanacity фото на taspanews.kz от 25 июня 2025 10:25
Фото: myastanacity

Астана әуежайы маңындағы станцияда бұзақылар LRT вагондарын бояп кеткен, – деп хабарлайды KazTaspa.kz myastanacity cілтеме жасап. 


Оқиға вагондар рельске орнатылғаннан кейін көп ұзамай болған. LRT қызметін көрсететін City Transportation System (CTS) компаниясы вандализм фактісін растады.


Полиция тергеуді бастады. Қылмыстық іс қозғалды. Бұзақылар әлі табылған жоқ. CTSкомпаниясы вагондардың арнайы жабынмен қапталғанын, бояудың терең сіңбегенін және суреттерді өшіріп бастағандарын хабарлады.


Следите за новостями Taspanews