Астанада «Бинго» ойынын әлеуметтік желіде жүргізген тұрғын сотталды
Фото: Pexels
Астанада заңсыз жолмен байып, «Instagram» әлеуметтік желісінде «Бинго» ойынын тікелей эфир жүргізген тұрғын жазаланды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Ойын шарттарына тікелей эфирде әртүрлі қаражатпен бәс тігу, жеңімпазды анықтау мен ұтысты телефон нөмірі арқылы жолдау кірген. Осылайша, заңсыз жолмен 90,6 млн теңге табыс табылды.
Сотта оның айыбы дәлелденді. Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.