Астанада әуе кеңістігі бүгіннен бастап уақытша жабылды

Фото: Gov.kz
Астанада 2025 жылы 22 сәуірден бастап 7 мамырға дейін әуе кеңістігі сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astanovka.98 сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында елорданың әуе кеңістігінде ҰОС 80 жылдығына арналған Жеңіс күні аясындағы әскери парадты өткізуге дайындық жүргізіледі.
Рейстер бойынша ақпарат жаңартылуы мүмкін. Оны әуе компаниясынан тікелей сұраған жөн.
Еске салсақ, 7 мамыр – ұлттық мереке, Қарулы күштердің құрылған күні. Әскери парад 9 мамыр қарсаңында, ұлттық мереке күні өтпек.