Астанада алдағы күндері ауа температурасы біршама жылынады

Фото: Pexels

Астанада ауа температурасы көтеріледі, алайда демалыс күндердің бірінде найзағай ойнайтын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазГидроМет» РМК РМК сілтеме жасап.


Астанада 2 мамыр күні көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +18 +20 градус, түнде +4 +6 градусты құрайды.


3 мамыр күндіз температура +19 +21 градуста қалыпты, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде температура 0 +2 градусқа дейін төмендейді.


4 мамыр күні күндіз температура +20 +22 градусқа дейін жетеді. Алайда, көшпелі бұлт жүріп, мезгілімен жауын жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура +10+12 градусты құрайды.