Астанада алдағы екі күні температура ауытқуы байқалады
Фото: Pexels
Астанада 30 сәуір күні температура түнгі уақытта минус шегіне дейін түссе, 1 мамыр күні қайта жылынады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
Астанада 30 сәуір күні көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +12+14 градус, түнде 1 -3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы түнде 9-14, екпіні 15-20, күндіз 3-8м/с.
1 мамыр – мереке күні көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +15+17 градус, түнде +2+4 градус. Желдің жылдамдығы: 5-10 м/с.