Астанада 6 жасар баланы жүк көлігі соққан

Фото: pixabay.com
Астанадағы Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында велосипед теуіп келе жатқан кішкентай баланы жүк көлігі қағып кетті. Бала небәрі алты жаста болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сай, жүк көлігі жүргізуші 38 жастағы ер адам болған. Ол көлікті артқа қарай беріп жатып, баланы байқамай қалады.
"Бала ауруханаға жеткізілді, алайда оны құтқару мүмкін болмады. Алған жарақаттардан қаза болды",
Оқиғаның алдын ала себебі – жүргізушінің абайсыздығы болуы мүмкін. Қазіргі таңда тергеу амалдары мен сараптама жүргізілуде.