Астана тұрғындарын жаңбырлы күндер күтеді

P фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 08:34
Фото: Pexels

Астана жаңбырлы болмақ Астанада алдағы үш күн бойы жаңбыр жауады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет РМК" сілтеме жасап.


Астанада 30 мамыр күні көшпелі бұлт жүреді, қысқа мерзімді жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +26 +28 градус шамасында, түнде +10 +12 градус.


31 мамыр күні де көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ал түнде жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +26 +28 градусты, түнде +13 +15 градусты құрайды.


1 маусым, күндіз қайтадан жаңбыр жауып, көшпелі бұлт жүріп, найзағай ойнайды. Түнде жаңбыр тоқтайды. Күндіз температура +25 +27 градусты, түнде +13 + 15 градусты құрайды.


Следите за новостями Taspanews