Астана пәтерлерінің бірінде керме төбе өртенді
                Фото: Pexels
                Астана Қаласы Есіл ауданында керме төбе өртеніп, қауіпті жағдай туғызған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
8 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабындағы пәтерде жиhаз бен төбе өртенді.
Құтқарушылар кішкентай бала мен 3 ересекті сыртқа шығарды. Өрт сөндірілді.