Астана мен Талдықорған аралығындағы әуе рейстері саны артады

Фото: Pexels

 ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиев Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу барысында Астана мен Талдықорған арасындағы рейстер саны 5-ке дейін артатынын жеткізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Рейстер саны 4-тен 5-ке дейін көбеймек. Осы бағыттағы қосылған әуе рейсін Qazaq Air компаниясы іске асырады. Одан бөлек, вице-министр Талдықорған қаласының айналма жолын жөндеу бойынша жобаны қаржыландыру пысықталуда екенін айтты.


Жиында тұрғындар көлік желісі, әуе қатынасы мәселелерін талқылады.


"Автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын тозуын болдырмау, ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының өтуіне сапалы бақылауды қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған өлшеу жүйелері орнатылады. Қазіргі уақытта облыста 5 құрылғы (республикалық жолдарда 3, жергіліктіұ жолдарда 2) орнатылды, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әкімдікпен бірлесіп тағы 8 құрылғы орнатуды пысықтауда", – делінген ресми хабарламада.