Астана мен Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамы
Фото: Pexels
Астана мен Шыментте ауа райы қарама-қайшы, алайда екі қалада да бүгін екпінді жел соғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазГидромет» РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +13+15 °C. Түнде +1+3 °C. Көшпелі бұлт жүреді, түнде және таңертең жауын-шашын болады, қар жаууы мүмкін, тұман түседі. Жел жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. жетеді.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +23+25 °C, түнде +11+13 °C. Желдің жылдамдығы 8-13м/с.