Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерін қорғау үшін арнайы видеожетон іске қосылды

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы мен Астанада жедел жәрдем қызметкерлеріне арнайы видеожетон берілетін пилоттық жоба іске қосылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Алматы мен Астанада жедел жәрдем қызметкерлеріне арнайы видеожетон берілетін пилоттық жоба іске қосылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Видеожетон SOS батырмасымен, геолокация функциясымен жабдықталған. Ауысым аяқталғанда бейнежазбалар автоматты түрде алынады. Құрылғылар орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылған. SOS сигналы мен бейне сигнал ІІМ жүйесіне беріледі.


Жүйемен жұмыс істеу үшін қызметкерлерге нұсқау берілді.  


«Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша технологияны еліміздің басқа өңірлеріне енгізу мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда. Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, «Қазақтелеком» АҚ және Samsung компаниясының техникалық орындауымен іске асырылуда», – делінген ресми хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдарда 2019-2023 жылдар аралығында 158 медицина қызметкері зардап шеккендігі туралы ақпарат келтірілген. Осы орайда, медициналық қызметкерлерді қорғау шарасы қолға алынды.