Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы құбылмалы болады

Фото: Pexels
Астана, Алматы мен Шымкентте ауа температурасы жоғары болғанмен, жауын-шашын және екпінді жел байқалмақ, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, аздаған жауын жауып, найзағай ойнайды. Температура +23 +25 шамасында. Түнде жауын-шашын болмайды. Температура +9 +11 градусты құрайды. Жел жылдамдығы 15-18 м/с дейін жетеді.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура күндіз +21 +23 градус шамасында, түнде +11 +13 градус шамасында болады.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, аздаған жауын-жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +26 +28 градусты, түнде +15 +17 градусты құрайды. Жел жылдамдығы күндіз 15-20 м/с дейін жетеді.