Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қайта бұзыла бастады

Фото: Pexels
Қазақстанның ең ірі үш қаласында ауа райы құбылады. Астанада температура күрт төмендесе, Алматы мен Шымкентте найзағай ойнамақ, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз температура +8+10 градус шамасында. Күн бұлтты болады, жаңбыр жауады, күннің екінші жартысында жауын қарға айналады. Түнде температура +8+10 шамасында, көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады.
Алматыда күндіз температура +30+32 шамасында, көшпелі бұлт жүреді. Күннің соңына қарай қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде температура +17+19 градус, көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашынсыз.
Шымкентте күндіз көшпелі бұлт жүреді, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.