Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында ауа райы күрт құбылмақ

Апта басы Қазақстанның ірі қалаларында жаңбырлы болып басталады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ! «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы +13 +15 градус шамасында болады. Түнде жаңбыр жауады, температура +1 +3 градусқа дейін төмендейді. Жер үстін үсік шалады. Жел 9-14 м/с шамасында, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жаңбыр жауып, найзағай соғады. Бұршақ түседі. Күндіз температура +21 +23 градус шамасында, түнде +14 +16 градус шамасында болады. Жел жылдамдығы – 3-8 м/с, кей кезде екпіні 18-23 м/с жетеді.
Шымкентте күндіз және түнде көшпелі бұлт жүреді, қысқа мерзімді жауын жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура +28 +30 градус шамасында, түнде +16 +18 градус болады.