Астана, Алматы мен Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
2025 жылы 24 сәуір күні Қазақстанның ірі қалалары әлі де сәуірдің салқын желінің ықпалында болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы +18+20 шамасында. Түнде аздаған жауын – жаңбыр мен қар жауады. Температура +2+4 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы +19+21 шамасында болады. Түнде температура +9+11 градусқа дейін төмендейді, жауын-шашын болмайды.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Түнде температура +10 +12 °C болады.