Астана, Алматы мен Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамы
Фото: Pexels
2025 жылы 23 сәуірде Астана, Алматы мен Шымкент қалалары жаңбырлы болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +22+24 градус, түнде +11+13 градус. Түнде жауын-шашын болмайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +20+22 градус, түнде +8+10 градус. Түнде жауын-шашын болмайды.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура +23+25 градус, түнде +9+11 градус шамасында. Түнде жаңбыр жаумайды.