Әскери полиция қызметкері суға бата жаздаған баланы құтқарып қалған

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 21:31
Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция департаменті әскери бөлімінің қызметкері Медет Исламов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Астана қаласындағы спорт кешенінің маңында кездейсоқ суға түсіп кеткен бала көмек сұраған. Сержант көмекке асығып жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсеткен.


«Бұл марапат әскери полиция қызметкері көрсеткен жоғары жауапкершіліктің, кәсібиліктің және ерліктің символына айналды»,  – деді Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков.

Следите за новостями Taspanews