Алты баланың әкесі тоғыз жастағы қызды құтқармақшы болып құдықта қаза тапты

Ақтөбе облысы әкімдігі фото на taspanews.kz от 20 июня 2025 17:26
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы, Жарлы ауылында орын алды. Балалар жасырынбақ ойнап жүрген кезде қыздардың бірі ескі, тақтаймен жабылған, қоқысқа толы құдыққа құлап кеткен, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Диапазон сайтына сілтеме жасап.


Сол маңда тұратын 38 жастағы Нұрбол Бердіғалиев оны құтқаруға ұмтылған, алайда екеуі де құдықтан шыға алмай қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланған. Қаза болған азаматтың артында алты баласы қалды. Ең кішкентайының жасы әлі бірге де жетпеген.


2017 жылдан бері ол Жарлы ауылында тұрып, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Нұрбол Бердіғалиев республикалық және облыстық жарыстардың 40-қа жуық жүлдегерін тәрбиелеген. Оныңшамамен 20 шәкірті спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындаған. 


Следите за новостями Taspanews