«Алтайдан Оралға дейін» велошеруі Семейге келіп жетті

 ҚР Туризм және спорт министрлігі фото на taspanews.kz от 27 мая 2025 16:53
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

«Алтайдан Оралға дейін» велошеруіне қатысушылар Абай облысына келіп жетті. Оларды жергілікті халық салтанатты түрде қарсы алды. – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Велоспортшылар мен ұйымдастырушылар Семейдің орталық алаңына дейін жүріп өтті. Салтанатты қарсы алу шарасынан кейін қатысушылар сапарын жалғастырды.


Еске салсақ, 2025 жылы 26 мамыр күні 440-қа жуық қатысушы 8 маршрутты құрайтын велошеруге аттанды. Велошерудің маршруты – Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары.


Велошеру жұмысшы мамандықтарды насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткізілуде.


Следите за новостями Taspanews