Алматының жаңа әкімі Германия Бундесратының Президентімен кездесті

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 21:22
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды ГФР Бундесрат Президенті, Саар федералды жерінің премьер-министрі Анке Релингермен кездесті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Кездесу барысында экономика, денсаулық сақтау, экология мен мәдениет салаларында ынтымақтастықты күшейте түсу қарастырылды.


Сонымен қатар, алматылық дәрігерлердің Германия клиникаларында тәжірибе алмасып, тағылымдама өту бағдарламалары талқыланды.


Германия мен Алматы қаласы аралығындағы серіктестік негізінде Siemens, Volkswagen, Bayer, Knauf компанияларының 370-тен көп кәсіпорны жұмыс істеуде.


Следите за новостями Taspanews