Алматының бұрынғы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы жемқорлық бойынша күдікті атанды
Фото: Pexels
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық жасау бойынша Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысын күдікке алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Antikor сілтеме жасап.
Ол азық-түлікті жеткізу бойынша мемлекеттік тапсырыс қызметі келісімшартын жасасуды негіз етіп, жеке кәсіпкерден 8 млн теңге пара алу бойынша күдіктелуде. Сот санкциясымен 2025 жылы, 24 сәуірде бұрынғы спорт басқармасы басшысы қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі",