Алматыны жаңбырлы күндер күтуде
Фото: Pexels
Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт құбылатын болады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
Алматыда 2 мамыр күні көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр мен бұршақ жауады. Күндіз температура +20 +22 градус, түнде +12 +14 градус болады.
3 мамыр күні күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура +22 +24 градус шамасында. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
4 мамыр күні Алматы жауын шашынсыз болады, тек көшпелі бұлт жүреді. Күндіз ауа температурасы +26 +28 градусты, түнде +10 +12 градусты құрайды.