Алматылық тұрғын жарылғыш зат туралы жалған хабар бергені үшін сотталды

Фото: Pexels
Алматының 44 жасар тұрғыны темір жол вокзалдарында жарылғыш зат барын айтып, бірнеше рет жалған хабар берген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Ол жазасын өтеу кезінде 4 рет таксофон арқылы хабарласып, жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Осылайша, төтенше жағдайлар қызметі мен эвакуация күштері тартылған, алайда жарылғыш заттар табылмағаны белгілі.
Жалған дабыл мемлекеттік органдарға 3,3 млн теңгеден астам шығын келтірді. Сотталушы шығынды өтеуге және өтемақы төлеуге міндетті.
Сонымен қатар, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.