Алматыға Қытайдан туристер тарту үшін 30-дан астам келісімге қол қойылды

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 16:20
Фото: Алматы әкімдігі

2025 жылы 27-29 мамыр аралығында Қытайдың Шанхай қаласында ITB China 2025 көрмесі өтуде. Бұл көрмеге Алматы қаласы да қатысты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматыға арналған көрме бөлігінде қонақтар қазақ батырларының өнерін, халық аспаптарында ойнаған ансамбльді тамашалады, ұлттық тағамдардан дәм тартты.


Қазақстаннан келген 7 туроператор 100-ден астам бизнес кездесулер өткізіп, 30-дан астам келісімге қол қойылды.


Қытайдағы ең ірі кірмелік туризм платформаларының біріне жыл сайын 10 мыңнан астам сала маманы жиналады.


Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 16:20
Фото: Алматы әкімдігі
Следите за новостями Taspanews