Алматыға келген туристер үшін арнайы қосымша жасау ұсынылды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев қаланы онлайн қосымша арқылы туристер үшін оңтайлы етуді ұсынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Әкім қаладағы туристік сервистерді ыңғайлы ететін цифрлық платформа – SuperApp мобильді қосымшасын құруды ұсынды.
«Бұл тұрғындарға да, туристерге де ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, барлық қалалық қызметтерге қол жеткізу үшін негізгі цифрлық платформа болады», — деп атап өтті Ерболат Досаев.
Қосымшаны пайдаланушылар мәдени және спорт шараларға билет сатып алу үшін, туристік маршрут құру үшін қолдана алады. Қаланың көрікті жерлерімен VR-серуен жасау, турларды, экскурсияларды брондау да қолжетімді болмақ.
2025 жылдың 1 шілдесіне дейін 113 мәдени және спорттық шаралар енгізілмек.