Алматыдан Вьетнамның Дананг қаласына дейін әуе рейстері орындалатын болады
Фото: Pexels
2025 жылдың 4 маусымынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматыдан Вьетнамдағы Дананг қаласына рейстер орындай бастады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Осылайша, Қазақстанда Вьетнамға апаратын маршруттардың тағы біреуі пайда болды.
«Вьетнамға рейстер санының артуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады»,