Алматыдағы тұрғын үй кешенінде электриктерге тоқ ұрды

Алматыдағы «Жастар» тұрғын үй кешенінде электромонтаж жұмыстары кезінде екі жұмысшыны ток ұрды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz KrisP Almaty сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, электриктер жеке қызмет көрсететін компания құрамында жұмыс істеген.
«Жөндеу жұмыстары барысында қысқа тұйықталу немесе кернеу ауытқуы болған. Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, Олар ауруханаға жеткізілді», – дейді оқиға куәгерлері.
Алмалы аудандық полиция басқармасы оқиғаны растады. Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша тексеру жүргізілуде.
«Барлық мән-жай анықталуда. Қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.
Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, бір жұмысшы күйік алған, екіншісі – орташа деңгейде жарақаттанған..