Алматыдағы Сайран көлінде жасөспірім мен ер адам суға батып кетті

Фото: Алматы әкімдігі

25 маусым күні 17 жастағы жасөспірім мен 48 жастағы ер адамның денелері судан шығарылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Екеуі де «Шомылуға тыйым салынған» белгісі орнатылған аумақта суға түскен.


Қалалық ТЖД Сайран көлінде барлық құрылыс және санитарлық жұмыстар аяқталғанға дейін шомылуға қатаң тыйым салынғанын ескертті. Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.