Алматыдағы өрттен 2 адам құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысы Түрсіб ауданы, Производственная көшесінде көп бөлмелі үй өртенді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Дәлізі ұзын келген көп бөлмелі үйдегі өрт 220 шаршы метр алаңда сөндірілді. ТЖД тарапымен 2 адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, бүгін Шымкент қаласындағы тез тамақтану кафесінен өрт шықты.
Ал Тараз қаласында шамамен 8 тонна шөп жиналған бастырма өртенді.