Алматыда жұмыс жасамайтын әкімшілік нысан өртенді

Pexels фото на taspanews.kz от 26 апреля 2025 00:02
Фото: Pexels

2025 жылы 25 сәуірде Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Громов көшесі бойында 2 қабатты пайдаланылмайтын әкімшілік ғимарат өртенген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрт туралы хабар 20:58 шамасында берілді. Ғимаратта жалын лаулап кеткен.


Өрт сөндірушілердің әрекеті нәтижесінде өрт сөндірілді. Бұл туралы хабар 22:12-де берілді. Зардап шеккендер жоқ.


Следите за новостями Taspanews