Алматыда жүк көлігі аялдамадағы адамды соғып кетті

Фото: Алматы Вайб

2025 жылы 30 маусым күні Алматыда «Газель» жүк көлігі аялдамаға соқтығысқан, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Алматы Вайб ақпаратына сілтеме жасап.


Таңғы сағат 07:00 шамасында Алматыдағы Әуезов ауданында жол апаты орын алды. Шаляпин көшесі бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі аялдамаға соқтығысты.


Онда тұрған 2003 жылғы қыз жарақат алғаны белгілі. Ол қаладағы аурухананың біріне жеткізілді.