Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

Фото: Pexels
Алматыда 21 маусым күні сағат 08:00-22:00 аралығында BRT – Bus Rapid Transit автобустың арнайы жолағы жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінің бір бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_Joly сілтеме жасап.
Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл жерді Абылай хан және Чайковский көшелерімен айналып өтуге болады.
«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және «Яндекс карталарында» жарияланған»,

Фото: Almaty_Joly