Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Pexels
Алматыда 1 шілде күні сағат 08:00-22:00 аралығында Желтоқсан көшесі Гоголь қиылысынан Райымбек батыр қиылысына дейін көлік қозғалысы уақытша тоқтайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_Joly сілтеме жасап.
Шектеу уақытша жөндеу жұмыстарымен байланысты. Желтоқсан көшесінде BRT жобасы жүзеге асырылады. Осы орайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.
Жол қозғалысы шектелген аумақты Наурызбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы айналып өтуге болады.
«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,