Алматыда жарты күн бойы нөсер жауын жауады

Pexels фото на taspanews.kz от 20 июня 2025 15:14
Фото: Pexels

Алматыда 20 маусым күні сағат 15:00-ден 21 маусым сағат 02:00-ге дейін бірнеше сағат бойы 20 мм-ге жететін жауын-шашын жауады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_Joly сілтеме жасап.


Жел екпіні 20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы +30-градусты құрайды.


Қаланың коммуналды қызметінің мобильді бригадалары су басу қаупін алдын алу үшін кезекшілікке шығады.


«Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы келесі сақтық шараларын – тауға шығудан бас тарту, ағаштардың құлауына немесе электр сымдарының үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймау, жаңбыр суы ағатын жерлерге тұрмыстық қалдық тастамау ұсынады», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews