Алматыда жаңа студенттік жатақхана ашылды

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 09:54
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттеріне арналған 120 орындық студенттік жатақхана ашылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Студенттер жаңа жатақханаға орналасуда. Жатақхана бөлмелермен, ас үймен, оқу бөлмелері мен демалыс орындарымен, конференц. залмен жабдықталған.


Алматыда 127 жатақхана бар, оның 16-сы 2024 жылы соғылды. Қазіргі таңда жатақханаларда 40 300 студент қоныстанды.


2025 жылы кезекті 6 000 орынмен қамтамасыз ету жоспарлануда. Құрылысты Студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе үйлестіреді.


Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 09:54
Фото: Алматы әкімдігі
Следите за новостями Taspanews